"Күн қатты ысуы мүмкін": Қазгидромет алматылықтарға ескерту жасады

349

Cынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі.  

"Күн қатты ысуы мүмкін": Қазгидромет алматылықтарға ескерту жасады Фото: freepik

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

10-11 маусым аралығында Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде өрт қаупінің жоғары дәрежедегі IV санаты жарияланды.

Сонымен қатар, құтқарушылар қала су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

"ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабының 3-бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға –100 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-екі жүз елу АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген", - деп еске салды мамандар.

Яғни, өрт қауіпсіздігін бұзушы 369 200 теңге айыппұл төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу