Күн панелдеріне субсидия төленбейді – Сапархан Омаров

863

АШМ инвестициялық субсидия саясатына өзгерту енгізді. 

Күн панелдеріне субсидия төленбейді – Сапархан Омаров

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа есептік кездесу барысында шалғай ауылдардағы фермалар орнатылатын күн панельдеріне субсидия төлеуді қысқарту туралы ұсыныс айтылды. Министр бұл ұсынысты толық қолдайтынын жеткізіп, оның себебін түсіндірді.

"Біздің алдымызда инвестициялық жобаларды іске асырып, машина-трактор паркін жаңалау бірінші кезектегі міндет болып тұр. Кей облыстарда  күн панельдері мен құдықтарды субсидиялау бүкіл инвестициялық субсидияның 70-80 %-на дейін жеткен болатын. Сондықтан бұл мәселе кеңінен талқыланып, облыс әкімдіктері мен өндірушілер тарапынан өтінімдер келді. Бүгінгі таңда нормативті өзгерттік. Күн батареялары қазір субсидияланбайды", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу