Күн райы құбылмалы болады

548

Күн райы құбылмалы болады

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 6 өңірінің  ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Атап айтқанда, 30 маусым күні күндіз Батыс Қазақстан облысы бойынша қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз 32-37, кей жерлерде 40 градусқа дейін көтеріледі. Орал қаласында 30 маусымда қатты ыстық күтіледі. Ауа бағамы күндіз 40 градусты көрсетеді.

28-30 маусым күндері күндіз Маңғыстау облысында 43 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. 28-30 маусымда Атырау облысында 40-41 градусқа дейін ыстық болатыны болжануда.

Ескертудің ықтималдылығы 90-95%. 28 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ескертудің ықтималдылығы 90-95%. Сондай-ақ 28-30 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с екпінмен жел соғып, найзағай ойнайды.

Ескертудің ықтималдылығы 95-100 % 28 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу