Ресеймен арадағы қақтығыс салдарынан күн сайын 60-100 украиналық әскери қаза табады, деп хабарлайды inbusiness.kz Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Жағдай өте қиын, біз күніне 60-100 сарбаздан айырылудамыз. Шайқас салдарынан 500-ге жуық адам жараланады", – деді Зеленский.
Британиялық The Gurdian газетінің дерегіне сүйенсек, әсіресе Донбаста ажал құшқандар көп. Мақала авторларының айтуынша, ресейлік әскерилердің тактикасы украиналықтарды өз позицияларын қорғауға немесе шегінуге мәжбүр етуде.
Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгудың сөзінше, Мариупольде Украинаның төрт мыңнан астам әскериі қаза тапты. Министрдің айтуынша, бұл қалада Украина Қарулы Күштерінің 8100 жауынгері болған.
Табиғат Нұрболат