Күн сайын Донбаста 100-ге жуық украин әскері қаза табуда – Зеленский

698

Ресей Украина аумағының 20%-ын басып алған.

Күн сайын Донбаста 100-ге жуық украин әскері қаза табуда – Зеленский

Донбасстағы шайқаста күн сайын 100-ге жуық украин әскері қаза тауып, 500-ге жуығы жарақат алуда. Украина Президенті Владимир Зеленский Братиславадағы GLOBSEC халықаралық қауіпсіздік форумында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Харьков бағытында ахуал жақсарып келеді. Ал елдің шығысындағы жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ.

2022 жылдың 2 маусымында Зеленский Ресей Украина аумағының 20%-ын басып алғанын, 2 мың 603 елді мекенді босату керектігін жариялады.

Бұған дейін Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон Украина Президенті Владимир Зеленскийге Ресейге қарсы әскери одақ құруды ұсынған болатын. Ол саяси, экономикалық және әскери одақтардың жаңа жүйесін құру керектігін мәлімдеді.

Премьердің айтуынша, мұндай одақ "өзінің ұлттық егемендігін қызғыштай қорғайтын, экономикада либералдылықты ұстанатын және Мәскеудің әскери шабуылына қарсы тұруға бел буған" мемлекеттерді біріктіруге бағытталады.

Табиғат Нұрболат

Фото: depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу