Бұл туралы "Жауапкершілік – жолдағы қауіпсіздік кепілі!" тақырыбындағы брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты.
"Жыл басынан бері еліміздің жолдарында балалардың қатысуымен 1046 жол көлік оқиғасы тіркелді. Онда 72 бала қаза тауып, 1152 бала жарақат алды. Күн сайын жолдарда 1 бала қаза тауып, 10-нан аса бала дене жарақатын алады. Қайтыс болған балалардың 67%-ы, яғни жартысынан көбі жолаушылар. Қалғаны жаяу жүргіншілер. Көп жағдайда жүргізушілер балаларды тасымалдау ережелерін сақтамайды", – деді спикер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу