Күн сайын елордада 74 нәресте дүние есігін ашады

865

Күн сайын елордада 74 нәресте дүние есігін ашады

Елордада өлім көрсеткіші төмендеді, оған қоса қалада өмір сүру ұзақтығы екі есе артты, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

2016 жылы 2011 жылмен салыстырғанда қалада өлім көрсеткіші 2 пайызға азайды, деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Тимур Мұратов.

Оның сөзіне қарағанда, өлім көрсеткішінің басты себептерінің бірі – қан айналым жүйесі, онкологиялық аурулар, жарақаттар мен олардың салдарлары.

Онымен бірге Тимур Мұратов атап өткендей, соңғы 5 жылда Астанада туу көрсеткіші 23 пайызға өсті, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегі көрсеткіштерден 3 есе өсті.

"Айта кеткен жөн күн сайын елордада 74 нәресте дүние есігін ашады, 10 адам қайтыс болады, 1,5 мыңнан астам адам жедел-жәрдем қызметінің көмегіне жүгінеді, 400-ге жуық емделуші ауруханаға жатады, 8500-ден астам адам емханаларға барады", - деді Т. Мұратов

Медициналық қызметтерді тұтынуды қамтамасыз ету үшін елордада медициналық ұйымдардың желісі құрылды. Астанада 29 стационармен және 25 амбулаториялық-емханалық ұйыммен стационарлық қызмет ұсынылды.

2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында елордада салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жұмыс істейді. Сонымен бірге Астанада халықты амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекке қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Ол үшін жыл сайын шамамен 4  млрд теңге бөлінеді.

2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының негізгі мақсатты көрсеткіштері өмір сүру ұзақтағын арттыру болып табылады.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда Астанада өмір сүру ұзақтығы 2 есе артты.  Астана халқының өмір сүру ұзақтығын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің бірінші бестігімен салыстырғанда, 2020 жылға дейін елордада 0-14 жас аралығындағы балалардың өмір сүру ұзақтығы – 33 пайыз, 65 жастағы жоғары – 4,9 пайыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу