Күн сайын тұтынатын тұз денсаулыққа қалай әсер етеді

158

Тұз – адам рационындағы ең көне және қажетті өнімдердің бірі. 

Күн сайын тұтынатын тұз денсаулыққа қалай әсер етеді Фото: canva

Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары тұзды дұрыс тұтыну денсаулықты сақтаудың маңызды шарттарының бірі екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тұз – адам рационындағы ең көне және қажетті өнімдердің бірі. Онсыз біздің денеміздегі бірде-бір жасуша қызмет ете алмайды. Бірақ кез келген оқиғадағы сияқты, доза бәрін шешеді", – делінген хабарламада.

Тұздың пайдасы:

  • Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді және қан қысымын қалыпты ұстайды. 
  • Жүйке импульстерінің берілуіне және бұлшықеттердің жиырылуына қатысады.
  • Тұз құрамындағы натрий жүрек пен мидың жұмысына қажет.
  • Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Тұз зиянды бола бастаған кезде:

  • Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.
  • Ісінуді тудырып, бүйрек пен жүрекке күш түсіруі мүмкін.
  • Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупін арттырады.
  • Көбінесе дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) жасырылады және біз нормадан қалай асып кететінімізді байқамаймыз.

Қанша тұз қажет?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) күніне тұзды 5 г-нан асырмауды ұсынады – бұл, шамамен, бір шай қасық тұз.

Кеңес:

  • Тамаққа тұзды көп салмай, тұзды дәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.
  • Қаптамадағы  өнімнің құрамын оқыңыз – тұз мөлшеріне назар салыңыз.
  • Егер созылмалы аурулар болса – тұз тұтынуды бақылау өте маңызды.

Егер сіз тұзды бақылауда ұстасаңыз, тұз - жау емес. Барлығы  тепе-теңдікке байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу