Құнанбай қажыға ескерткіш орнатылды

1351

Құнанбай қажыға ескерткіш орнатылды

Бүгін ШҚО Абай ауданының Қарауыл ауылында ұлы Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Ескерткіш авторы — семейлік мүсінші Нұрбол Қалиев. Балқаштың мысынан құйылған туындының салмағы 12 тонна, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 7 метр. Мүсінші ескерткішті жасауға 10 ай уақыт жұмсаған.

Аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің айтуынша, өткен жылы Досхан Жолжақсыновтың Құнанбай қажы туралы фильмі жарық көрген кезде халық әкімдікке Ұлы ақынның әкесіне арналған ескерткішті орнату жөнінде ұсыныс білдіріпті.

Құнанбай қажыға арналған ескерткіш орнату үшін арнайы қор құрылған болатын. Аталмыш қорға абайлықтар шама-шарқы жеткенше қаржылай қолдау көрсетті.

Ескерткішті орнатуға Павлодар қаласындағы Құнанбай қажының туыстары, танымал "Жеті ағайын" компаниясы 1 млн теңге, Семей қаласының тұрғыны, Құнанбай қажының туысы Майбасар ұрпағы Бейсенғазы Мәлікұлы 2 млн теңге, Абай ауданының Құрметті азаматы, Құнанбай қажының туысы Манатбек Толғанбаев 1 млн теңге, Лондондағы Абай ауданының тумасы, меценат Медғат Құлжанов 2 млн теңге, "Ақшың" корпорациясының президенті Марат Серікжанұлы 500 мың теңге, жеке кәсіпкер Нысанбек Дінсләмұлы 1 млн теңге құйған.

Сонымен қатар, Абай ауданының мемлекеттік қызметкерлері де бір күндік еңбек ақыларын – 1,5 млн теңгені қорға аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу