Қазір еліміздің "Қазақстан май-тоңмай одағы" қауымдастығы" мәселені шешудің жолын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.
Күнбағыс майы әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына жататындықтан, бағасын өсіруге болмайды. Бірақ өндірушілер де шығынға бататын көрінеді. Қазірдің өзінде 40-қа жуық май-тоңмай шығаратын кәсіпорынның бірнешеуі жұмысын тоқтатқан.
Ішкі нарықты 40 пайыз сұйық маймен қамтамасыз ететін ең үлкен екі зауыт та қиындықтарға тап болған. Себебі шикізаттың бағасы қымбатқа түсіп, салған ақшаны да ақтамайды екен.Енді қиындыққа тап болған өндірушілер Үкіметтен көмек сұрамақ. Бұл туындаған мәселені шеше ала ма? Күнбағыс майының бағасын қымбаттатпаудың жолы бар ма? "Қазақстан май-тоңмай одағы" қауымдастығы" ЗТБ Президенті Константин Невзоров жауап берді: