Күндізгі ауысымда елордада қар тазалауға 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

103

Бұл жұмыс тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде.

Күндізгі ауысымда елордада қар тазалауға 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты Фото: Астана әкімдігі

Күн сайын коммуналдық қызметтер Астанадан жүздеген ауыр жүк көлігімен мыңдаған текше метр қар шығарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

11 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмыс жүргізеді.

10-ынан 11 желтоқсанға қараған түнде елордадан 545 рейспен 7 мың текше метр қар жиналып, шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 75 703 рейспен 961 мың текше метр қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу