Құнды қағаздар нарығы: Қазақстанда алғашқы тоқсанда 17 мың жаңа шот ашылған

1527

Қазақстандықтардың құнды қағаздар нарығына қызығушылығы артып келеді. Осы жылдың алғашқы тоқсанында елде 17 мың жаңа шот ашылған. Ал акциялар нарығындағы сауда көлемі 83% артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Құнды қағаздар нарығы: Қазақстанда алғашқы тоқсанда 17 мың жаңа шот ашылған

Жалпы құнды қағаздар нарығы ел экономикасын дамытуда әсіресе, жаһандық дағдарыс кезеңінде зор маңызға ие. Әлемнің тұрақсыз ахуалы мен сыртқы қарыз көздерінің қысқаруы ішкі көздерді, алдымен қаржы нарығы құралдарын дамыту қажеттігін бірінші кезекке шығарады. 

Пандемия басталғалы құнды қағаздар нарығындағы инвестициялық белсенділік едәуір артып, биылдың өзінде оң динамиканың сақталғаны байқалады. Мәселен, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан қаржы биржасындағы негізгі көсреткіштердің өсімі байқалады. Құнды қағаздар нарығындағы сауда көлемі 42%, сондай-ақ акциялар нарығындағы сауда көлемі 83%, ҚҚН нарығында 11% көбейген. Сонымен қатар жеке тұлғалардың 17 мың жаңа шот ашуы да халықтың бұл салаға қызығушылығы зор екенін айғақтайды.

Жетекші инвестициялық портфельдің де рөлі мен өсімі қарқынды. 2021 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша, Қазақстанда мұндай жетекші компаниялардың саны 18-і бар. Бір жылдың ішінде олардың активтері 36,2% артып, 258,8 млрд теңгені құраған.

Елдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бестігі мынадай: Freedom Finance (нарықтың 33,3% ие), Halyk Finance, BCC Invest, Heartland Capital және Halyk Global Markets.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу