Құнды қағаздар нарығына сұраныс артып келеді

985

Жыл басынан бері ашылған шоттар саны 2,3%-ға өсті.

Құнды қағаздар нарығына сұраныс артып келеді

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан қор биржасындағы сауда көлемі 49,8 трлн теңгені құрады, деп хабарлады finprom.kz. 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен. 2019 жылы сауда көлемі 52,8 трлн теңге болатын. Биржадағы сауданың басым бөлігі 42,8 трлн теңге немесе 85,9%-ы қаржы нарығына тиесілі. Бұл ретте шетел валютасымен жасалған сауда көлемі 9,9%-ға артып, 4,6 трлн теңгені құрады. 

Ал құнды қағаздар нарығындағы сауда көлемі 2,4%-ға төмендеп, 2,4 трлн теңгеге тұрақтады. Оның ішінде мемлекеттік құнды қағаздар – 1,7 трлн теңге, корпоративтік облигациялар – 619 млрд теңге, акциялар – 46,4 млрд теңге. 

Биылғы жылы құнды қағаздар нарығында жекелей инвесторлардың қызығушылығы артқаны байқалады. Осылайша 1 мамырдағы жағдай бойынша  жеке тұлғалар ашқан шоттар саны 2,3%-ға артты. 2019 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіштің төмендегені байқалған. 

Сонымен қатар акциялар нарығында да жеке тұлғалар тарапынан сұраныс жоғары болған. Акциялардың қайталама нарығында жеке тұлғалар үлесі 55%-ды құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу