Енді құнды қағаздарды мобильді қосымша арқылы сатуға және сатып алуға болады. Мұндай жаңа технологияны ұлттық банк жасап шығарды. Аталған жүйе блокчейн негізінде жұмыс істейді. Ұлттық банк ноталарын делдалсыз және дилерсіз онлайн режимде сатады. Мұнда ешқандай комиссия мен салық алынбайды. Өтімділік қамтамасыз етіледі. Бір нотаның ең төменгі құны 100 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта қосымша сынақтан өтіп жатыр. Ал ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады. Қаржы реттеушісі бұл жүйе арқылы ІРО және өзге де құнды қағаздарды сатуды жоспарлап отыр. Қысқа мерзімді ноталарды сатып алу үшін жүйеге тіркеліп, электронды ақша арқылы бағалы қағаздардың саудасын жүргізуге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу