Құнды қағаздардың 65 пайызын Ұлттық банк сатып алуда

649

Құнды қағаздардың 65 пайызын Ұлттық банк сатып алуда

Еліміздегі құнды қағаздардың 65%-ын Ұлттық банк сатып алуда. Астанада өтіп жатқан 15-облигациялық конгресте қаржы министрлігінің департамент директоры Руслан Мейірханов осылай деді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша бүгінде Қазақстандық құнды қағаздардың жалпы сомасы 27 млрд долларды құрайды. Оның бір қолға өтуі нарықта қолайсыз жағдай тудыруда. Сондықтан, Ұлттық банктің еншілес ұйымы ретіндегі БЖЗҚ-ны біршама міндеттемеден босату көзделіп отыр. Есесіне құнды қағаздарды квазимемлекеттік секторда дамытуға жұмсамақ.

"Өкінішке орай мұндай жағдай қаржы министрлігін қуантып отырған жоқ. Еліміздегі облигациялардың бір субъекттің ғана алуы, ол дегеніміз оң қолыңмен сатып, сол қолыңмен өзің соны сатып алу деген сөз", - дейді  ҚР қаржы министрлігі департаментінің директоры Руслан Мейірханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу