Күніне 25 тал темекі тартатын адамдар бар

1196

Бұл – статистика есебінде, 100 адамның жетеуі.

Күніне 25 тал темекі тартатын адамдар бар

Темекі бағасы жыл басынан бері 16 пайызға өсті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі EnergyProm сайтына сілтеп.

Қор-қор әлде темекі?

Ұлттық статистика бюросының шілдедегі сауалнамасына сәйкес, 5,5 млн азаматтың арасында 1,1 млн-нан астамы темекі, 190,1 мыңы кор-қор, яғни кальян шегеді.

Қор-қорға әуестердің ішінде 26,1 мың адам күнде, 164 мың адам кейде темекі шегеді. Темекі пайдаланатын барлық адамның 914,4 мыңы күн сайын, 190,7 мыңы арасында темекі шегеді. Осы "арасында" темекі шегетіндердің 61,6 мыңы бұрын күн сайын темекі шеккен, ал 104,9 мыңы ешқашан күнде темекі шекпеген.

Темекі шегетіндердің 851 мыңы – ер адамдар, 254 мыңы – әйел адамдар көрінеді. 

Темікіні сұрап тартатындардың 663,2 мыңы – қалада, 441,8 мыңы ауылда тұрады.
Қор-қор әуесқойларының 133,3 мыңы – ер, 56,8 мыңы – әйел. Қалада 133,3 мың, ауылда 56,8 мың тұрады. 

Өңірлер бойынша

Темекі шегетін респонденттердің басым көпшілігі Алматы облысында тұрады: 140,4 мың адам. "Шылым шегушілер" үштігіне Шығыс Қазақстан (103,6 мың адам) мен Қарағанды (92,4 мың адам) облыстары кірді.

Қор-қорға келсек, Нұр-Сұлтан көш бастап тұр: 29,1 мың респондент. Екінші және үшінші орында Алматы (28,4 мың адам) мен Қарағанды (21,2 мың адам) облыстары орналасқан.

Сауалнамаға қатысқан жалпы 5,5 млн адамның 4,4 млн-ы темекі шекпейді. Оның 159,5 мың адам бұрын күн сайын, 318,2 мыңы кейде, ал 3,5 миллионы ешқашан шекпеген.

"25 және одан да көп"

Респонденттер күніне 12,8 миллион табак өнімін тұтынады. Оның ішінде ерлер – 10,5 млн, әйелдер 2,3 млн өнім тұтынады. Бұл өнімдердің ішінде 12,7 миллион данасы – өнеркәсіптік өндірілген темекі, 25,5 мыңы – "самокрутка" (орама темекі), 28 мыңы – қор-қор.

Өнеркәсіптік темекілерді тұтынатын 915 мың респонденттің ішінде 378,7 мың адам күніне 15-24 темекі, 214,4 мың адам – 10-14 темекі, 168,7 мың адам – 5-9 темекі, 90,1 мың адам – кем дегенде 5 темекі, 63,2 мың адам – 25 және одан да көп темекі тартады.

Зардабын кім тартады?

602,6 мың азаматқа темекі түтіні әссер етеді, оның ішінде 571 мың адам темекі шекпейді. 435,7 мың адам жұмыста темекі түтінінің әсеріне ұшырайды, оның ішінде 411,5 мың азамат темекі шекпейді. 475 мың азамат қоғамдық тамақтану орындарында түтіннің әсеріне ұшырайды, оның ішінде 450,3 мың азамат темекі шекпейді.

Қанша адам қарсы? Қанша адам қолдайды?

5,5 миллион респонденттің 4,7 миллионы темекі өнімдерін тұтыну ауыр ауруларды тудырады деп санайды. Ал 378,2 мың азамат ауыруға темекі себеп емес деп санайды. 4 миллион адам ауыр аурулар кальян тудырады деп ойлайды. Ал 539,1 мың адам қор-қор денсаулыққа зиян келтірмейді деп санайды. 4 млн азамат ауыр сырқат темекі түтінінен туады деп есептейді, 740,5 мың азамат онымен келіспейді.

Отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін пайдалануына респонденттердің пікірлері былай: 
4,7 млн адам отбасы мүшелерінің темекі өнімдерін тұтынуына қарсы емес, 375,2 мың адам – қарсы.

Сауалнамаға қатысқандардың жұмыс орындарында, қоғамдық тамақтану орындарында және қоғамдық көліктерде темекі шегуге заңнамалық деңгейде тыйым салуға қатысты пікірлері: 
3,8 миллион адам тыйым салуды қолдайды, 873,1 мың адам мұндай тыйым салудың керегі жоқ дейді.

Қанша пайыз қымбаттады?

2,9 миллион адам темекі өнімдеріне салықты көтеруді жақтайды, 1,6 миллион адам оған қарсы болады.
Жыл басынан қыркүйекке дейін, орта есеппен, темекі бағасы 15,9%-ға өсті. Алматы облысында – 21%, Маңғыстау облысында 20,7%-ға Ақмола облысында 19,5%-ға қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу