Қостанай облысында егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады Хабар 24.kz
Биыл аймақта 4 млн-нан астам гектар алқапқа дәнді дақыл тұқымын себу жоспарланып отыр. Алғашқы төрт күнде межеленген көлемнің төрттен бірі еңсерілді. Ал майлы дақылдардың бүгінге дейін 32%-ы егілді.
"Күніне 280 мың гектар көлемінде күндік жоспар берілген. Біз жоспарды ойдағыдай орындап отырмыз", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Қабделов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу