Жамбыл облысындағы "Қаралма" тау-шаңғы кешені биыл аяқталады

3259

Аталған жоба құны 4 миллиард теңгені құрайды.

Жамбыл облысындағы "Қаралма" тау-шаңғы кешені биыл аяқталады

Бүгінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы аумағында "Қаралма" тау-шаңғы кешенінің құрылысы қызу жүргізілуде, деп хабарлайды abctv.kz.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан кешен күніне 4 мың адамды қабылдауға қауқарлы болмақ. Онда Алатаудың шыңынан бастап, баурайымен 2500 шақырымдық сырғанау жолақтары жасақталып, 3 шақырымдық аспалы жол салынбақшы. Сондай-ақ, кешенде 50 адамға арналған қонақ үй, жыл он екі ай туристерді тарту үшін қымыз, саумалмен емдеу, атпен серуендеу сынды қызметтер де қарастырылуда.

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автодәлізінен 7-ақ шақырым қашықтықта орналасқан демалыс аймағының жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, аталған жоба құны 4 миллиард теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу