Күніне бір қорап темекі шеккен ер адамның тамағына шаш өсіп кеткен

659

Оның түктері алынып тасталған, бірақ олар қайтадан өсіп шықты.

Күніне бір қорап темекі шеккен ер адамның тамағына шаш өсіп кеткен Фото: freepik

Австрияда ер адам 30 жыл бойы күніне бір қорап темекі тартып келген. Ол осы әдетінің салдарынан сирек кездесетін асқынуға тап болып, тамағына шаш өсіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2007 жылы ер адам тамақ қарлығуына, тыныс алудың қиындауына және созылмалы жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Ол 1990 жылы 20 жасында темекі тартып бастағанын мойындаған және бұған дейін жөтелгенде аузынан түктер шыққанын айтқан.

Дәрігерлер оған эндотрахеальды шаш өсуі диагнозын қойды, яғни оның тамағында шаш өсе бастаған. Бұл ауру өте сирек кездеседі, медициналық әдебиеттерде тек бірнеше жағдай тіркелген.

Оның түктері алынып тасталды, бірақ олар қайтадан өсіп шықты. 15 жыл бойы ер адам дәрігерлерге қаралып, антибиотиктер ішкен, бірақ проблема қайта оралды.
 
Ер адам бұл проблемадан 2022 жылы ғана толықтай арылды: ол темекіні тастады, ал дәрігерлер шашты лазермен біржола алып тастай алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу