Күніне Қарағанды арқылы 22 мың транзиттік автокөлік өтеді

1265

Күніне Қарағанды арқылы 22 мың транзиттік автокөлік өтеді

Солтүстік-Шығыс айналма жолы осы жылы қозғалысқа беріледі, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Солтүстік-Шығыс айналма жолының құрылысымен танысып қайтты. 
Жаңа айналып өту жолының ұзындығы - 48 шақырым, құны – 35 миллиард теңге. Жоба бес жол айырығын қамтиды: "Қарқаралы", "Доскей", "Шахтерский", "Үштөбе" және "Алматы".

"Жол құрылысы 4 лотқа бөлінген. Оның үшеуін "СП Сине Мидас Строй" ЖШС түрік фирма-мердігері ұтып алды. Ол Пришахтинск ЖПУ-46-дан Қарағанды-Аягөз-Бұғаз жол айырығына дейінгі 15,6 шақырымға созылатын "Солтүстік айналып өту" бөлігін қалыпқа келтіру. Қазіргі іс жүзінде бар Қарқаралыға баратын көлік айырығынан басталып, Шахтерский ықшам ауданына дейін апаратын жолды қалыпқа келтіру. Және Шахтерский ықшам ауданынан Екатеринбург-Алматы жолына дейін апаратын Заречное ауылының маңынан өтетін жолдың жаңа бөлігін салу. Төртінші лот – ол жол айырықтарын салу. Онымен "Мостостроительный отряд им. Рязанова А." ЖШС алматылық компаниясы айналысады. Жаңа жол төрт жолақты болады, негізгі материал – асфальт бетон, жоғарғы қабаты – ұсақ тас-мастикалық асфальт. Кепілдік мерзімі – 25 жыл", - деп мәлімдеді жоба тапсырыс берушісі "ҚазАвтоЖол" АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Қанат Шаймин. 
Ол сонымен қатар жұмыс сапасын тапсырыс беруші компанияның өкілдері күнделікті бақылап отыратынын жеткізді. Барлық пайдаланылатын материалдар зертханалық сараптамадан өтеді. 
Жол құрылысына қажетті барлық дерлік шикізат – қазақстандық өнімдер. Онымен қоса, "Сине Мидас Строй" фирма-мердігердің өкілі Али Четкиннің айтуынша, олардың компаниясындағы жұмысшының 98% – қазақстандықтар. 
Солтүстік-Шығыс айналып өту жолы Орталық-Оңтүстік республикалық көліктік өткелдің бөлігі болады. Жаға айналып өту жолы автомобиль иелеріне жылдам әрі қала орталығына кірместен Қарағанды-Астана автобанынан Қарағанды-Алматы трассасына түсуге болады.
Күніне Қарағанды арқылы 22 000 транзиттік автокөлік өтеді. Айналып өту жолының құрылысы 2019-шы жылдың қарашасында толығымен аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу