Күніне Қазақстанға 50 миллион доллар шетелдік инвестиция тартылады – вице-министр

422

Жыл сайын елімізге 20 миллиард доллар шетелдік инвестициялар тартылады. 

Күніне Қазақстанға 50 миллион доллар шетелдік инвестиция тартылады – вице-министр Фото: inbusiness.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов имидждік шараларға кететін қаражатқа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Имидждік шаралардың республикалық бюджет шығыстарындағы үлесі бар болғаны 0,01 пайызға тең. Жалпы алғанда, имидждік шаралар әлемдік тәжірибедегі, тек Қазақстандағы ғана емес, маңызды құрал. Бұл тәжірибе капиталдар мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ елдің экспортын дамытуға бағытталған. Сондықтан да біз бұл шараны белгілі бір шектерде орынды деп есептейміз. Жыл сайын Қазақстанға 20 миллиард доллар шетелдік инвестициялар тартылады. Осы инвестициялардың дені осындай шаралар арқылы келеді",  деді Арман Қасенов Үкіметте өткен брифингте.

Осындай шараларда қазақстандық компаниялар экспорт туралы келісімдер жасайды, деп жалғастырды ол.

"Күніне Қазақстанға орта есеппен 50 миллион доллар шетелдік инвестиция келеді. Әрине, құны 1-2-3 миллион доллар болатын шараларды өткізу инвестицияларды тарту үшін орынды деп санаймыз",  деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Арман Қасеновтің сөзінше, осындай шараларды көп жағдайда демеушілер қаржыландырылады.

Айта кету керек, осыған дейін министр Астана халықаралық форумын өткізуге 4,5 млрд теңге жететінін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу