Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі төмендетілді. Оның мөлшері шілде айында 24,4 мың теңгені құраған. Осылайша, алдыңғы айдағы көрсеткіштен 2,6 пайызға кеміп отыр. Ал жыл басынан бері ең қажетті тұтыну тауарларының бағасы 13,6 пайызға өскен. Статистика комитетінің мәліметінше, қазіргі таңда сұранысқа ие азық-түлік бағасы 14 мың 600 теңгеге тең. Ал өзге де тауарлар мен ақылы қызметтер құны 9 мың 700 теңгені құрап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу