Күнкөріс минимумы 30 700 теңге болды

2000

2019 жылғы көрсеткіштен 12,1%-ға артық.

Күнкөріс минимумы 30 700 теңге болды

2020 жылдың наурыз айында күнкөріс минимумы ақпандыкімен салыстырғанда 1,5 пайызға көбейген. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. 

Азық-түлік себеті – 16,9 мың теңге, ал азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 13,8 мың теңге болды. 

Тұтынушы индексі наурызда 6,4 пайызға жетті. 2019 жылдың наурызында 4,8 пайыз болған еді. 

Еске сала кетсек, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 сәуірден бастап АЕК көлемі өскен болатын. Сәйкесінше күнкөріс минимумы сол уақыттан бері 32,7 мың теңгеге көтерілді.

Бұл көрсеткіш бойынша Маңғыстау облысы (35,8 мың теңге), Алматы (34,2 мың теңге) және Нұр-Сұлтан (35,2 мың теңге) қалалары, Алматы облысы(31 мың теңге), Шығыс Қазақстан облысы (30,7 мың теңге) көш бастап тұр.

Ал күнкөріс минимумы ең аз аймақтар тізіміне Ақтөбе облысы (27,6 мың теңге), Павлодар облысы (27,7 мың теңге), Батыс Қазақстан облысы (27,9 мың теңге) енген.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу