Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 25 мың теңгеден асты

787

 Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 25 мың теңгеден асты

2017 жылғы қыркүйектегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 25 139 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін пайдаланудағы ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 2,1% төмендеді, ал 2016 жылғы қыркүйекпен – 8,4%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа, жемістер мен көкөністерді – 15,1%-дан, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,3%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу