Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 мың теңгеден асты

1014

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 мың теңгеден асты

2017 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23 319 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы қарашада алдыңғы аймен салыстырғанда 9,4%-ға төмендеді, 2016 жылғы қарашадағы көрсеткішпен салыстырғанда 10,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,7%, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 17,2%, жемістер мен көкөністерді - 10,6%, сүт, нан және жарма өнімдерін - 8,2%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,3%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу