Күннің күрт суытуына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жарияланды

107

6 ақпанда Қазақстанның 14 облысында және Астана қаласында бұрқасын, күннің күрт суытуына, тұманға байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күннің күрт суытуына байланысты еліміздің 15 өңірінде ескерту жарияланды Фото: freepik

Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында 6 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.

6 ақпанда түнде және таңертең Ақмола облысының солүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Астанада 6 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

6 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақыттарда – 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз 25 градус күтіледі. Талдықорған қаласында 6 ақпанда түнде 25 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

6 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

6 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Петропавл қаласында 6 ақпанда тұман күтіледі.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

6 ақпанда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 6 ақпанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

6 ақпанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде – 15-20 м/с. Семей қаласында 6 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында 6 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу