Күннің тұтылуы Испанияға пайда әкелуі мүмкін

122

Биыл 12 тамызда күн тұтылады.  

Күннің тұтылуы Испанияға пайда әкелуі мүмкін Фото: shutterstock.com

Испания астротуризмді дамыта бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Дәл осы құбылысты адамдар Испания жерінен толық көре алады. Көріністі тамашалауға жер жүзінде бірнеше ай бойы алдын ала дайындалатын адамдар бар. Бұл жақтағы қонақ үйлерде қазірдің өзінде бос орын қалмаған. Күннің толық тұтылуы ілуде бір болатын құбылыс. Сондықтан бұл күнді астротуристер қалт жібермейді. Астрономиялық құбылыс биыл Испанияның шалғай елді мекендерінен жақсы көрінеді. Мадрид билігі қонақтардың талғамынан шығу үшін әзірлігін қазірден бастап кетті. 

Испания халқы үшін бұл – тарихи сәт. Өйткені бұл елде күннің толық тұтылуы соңғы рет өткен ғасырдың басында болған екен. Ғарыш әлеміндегі ерекше құбылыстың жалпы ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Ал максималды фазасы бірер минутқа ғана жетеді. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, сол күні көктен ондаған жұлдыздың аққанын қатар тамашалауға болады. 

Мадрид билігі күннің толық тұтылуын тамашалау үшін Испанияға 10 млн астротурист келеді. Ал Аркос-де-лас-Салинас қаласындағы обсерваторияда 30 мың адамға экскурсия жүргізіледі деп жоспарлап отыр.

Ал, ерекше кұбылысты Испаниядан бөлек, Исландия мен Гренландияда да толық көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу