Күннің ыстығына байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейді

914

Температура жоғары болған кезде теміржол рельстері мен олардың болат бөліктері қызады.

Күннің ыстығына байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейді Фото: ӨР Көлік министрлігі

Өзбекстанда аптап ыстыққа байлынысты пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Температура жоғары болған кезде теміржол рельстері мен олардың болат бөліктері қызады. Жолаушылар мен пойыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығына шектеулер енгізіледі", - делінген "Узтемирйулйуловчи" компаниясы тартқан хабарламада.

Осыған байланысты компания пойыздардың кешігуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар вагондардағы салқындату жүйесін толық қуатта пайдалануға шектеу енгізіледі.

Айта кетейік, кейінгі бірнеше күн қатарынан Өзбекстанда аптап ыстық сақталуда. Орташа температура +44...+46 градус болса, кейбір өңірлерде +48 градустан жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу