Құны 100 млн теңге тұратын тарихи роликтің дауы: Түркістан облысы әкімдігі ресми жауап берді

43

Аталған тапсырыс көпшіліктің сынына ұшырап, жағдайға облыс әкімі араласып, тексеріс жүргізуді тапсырды.  

Құны 100 млн теңге тұратын тарихи роликтің дауы: Түркістан облысы әкімдігі ресми жауап берді Фото: gov.kz

Тарихи роликке Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты "Ұлы Дала Елі" орталығы тапсырыс берген. Тапсырысты орындаушы – "G7 Exlusive" ЖШС. Басқарма серіктестікпен 100 млн теңгеге тікелей шарт жасасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қомақты тапсырыс көпшіліктің сынына ұшырап, жағдайға облыс әкімінің өзі араласты.

Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров аталған келісімшарттың жасалу жағдайларын жан-жақты тексеру, оның ішінде қажетті рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырма берді.

– Тексеру нәтижелері мен алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ал, Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы осыған дейін аталған жобаны сатып алуды ашық конкурс тәсілімен 3 мәрте ұйымдастырып, әлеуетті орындаушы табылмағанын хабарлады.

– Бөлінген қаржыны тиімді әрі уақытылы игеру мақсатында аталған жобаны "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен 2025 жылғы 28 қарашада қосымша құн салығын қоса алғанда 100 800 000 теңгеге келісімшарт жасалынды. Тапсырыс беруші – Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты "Ұлы Дала Елі орталығы". Орындалу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін, – делінген ведомство таратқан деректе.

Облыстық мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша видеороликте Қазақстан тарихын ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы айшықтауы тиіс. Оған петроглифтер, "аң стилі", шығыс миниатюралары, ұлттық өрнектер, кескіндеме, графика және өзге де өнер бағыттары кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу