Құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

273

Жер учаскелерін коммерциялық мақсатта беру барысында заң бұзушылықтар анықталды.

Құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы коммерциялық мақсатта жер беру кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұзушылықтар орын алғанын анықтады.

Қарағанды қаласының әкімдігі "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 62-1-бабын бұза отырып, бағалау рәсімін жүргізусіз бұрын алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу және оны одан әрі пайдалануға беру үшін коммерциялық мақсатқа 14 жер учаскесін берген.

Прокуратураның наразылығы бойынша қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды, құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Басқа жағдайда Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан коммерциялық жерлерді анықтады.

Жер кодексінің 92-бабына сәйкес құрылысқа арналған жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі  мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Ірі кәсіпкерлердің бірі 2018 жылдан бастап жалпы ауданы 32 га болатын 6 коммерциялық жер учаскелерін игеруге шаралар қабылдамаған.

Қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 1,1 млрд. теңге құрайтын осы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу