"Құны 2,7 млрд теңге": Семейде 77,3 млн қорап контрафактілік темекі анықталды

277

Акциздер сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды.

"Құны 2,7 млрд теңге": Семейде 77,3 млн қорап контрафактілік темекі анықталды Фото: видео скриншот

Семей қаласында құны 2,7 млрд теңгеге контрафактілік темекі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚМА Абай облысы бойынша Департаменті полиция Департаментімен және ҚР ҰҚК Шекара қызметі Департаментімен бірлескен операция нәтижесінде сатуға арналған сәйкестендіру құралдарынсыз түрлі маркалы темекіні жеткізудің ірі арнасы тоқтатылды.

Семей қаласының аумағында жүк автокөлік құралдары мен қоймаларды тексеру барысында 77,3 млн қорап контрафактілік темекі табылып, тәркіленді, олардың нарықтық құны 2,7 млрд теңгені құрайды", - деп жазылған хабарламада. 

МКД қорытындысына сәйкес бюджетке төленуге жататын акциздер сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, бұған дейін Абай облыстық полиция Департаментінің ҰҚҚК-мен бірлесіп, 1,1 млрд теңге сомасына контрафактілік темекі тасымалдаудың ұқсас фактісі тоқтатылды, ол бойынша акциздер сомасы 450 млн теңгені құрады.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу