Құны 230 млн теңге майнингтік ферманы мемлекеттік шекарадан заңсыз әкетуге тырысқандардың жолы кесілді

225

Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Құны 230 млн теңге майнингтік ферманы мемлекеттік шекарадан заңсыз әкетуге тырысқандардың жолы кесілді Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" АПП-да құны 230 млн. теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ведомство.

Департаменттің мәліметінше 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген "А" ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысты. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. МКД "Ерекше тауарларды бақылау туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу