Құны 230 млн теңгеге тең 10 млн дәрі-дәрмек тәркіленді

1007

Аталған фактіге қатысты қозғалған қылмыстық іс Қауіпсіздік кеңесінің жіті назарында.  

Құны 230 млн теңгеге тең 10 млн дәрі-дәрмек тәркіленді

Заңсыз сатылған 10 млн-нан аса препарат пен медициналық бұйым тәркіленді, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың жалпы құны 230 млн теңгеге бағаланған. Рұқсатсыз дәрі саудасын қыздырған 1183 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазірде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ақпаратқа сүйенсек, дәрілік заттарды себепсіз қымбаттатқан мыңға жуық факті тіркелген. Сондай-ақ қауіпсіздік сертификаты жоқ препараттарды саудалағандар да анықталған. Мәселен, Жамбыл облысында лицензиясыз, жалған құжатпен айналымға шығарылған 82 түрлі медициналық бұйым тәркіленді. 44 млн теңгелік тауар Қырғызстаннан астыртын жолмен жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу