Құны 237,5 млрд теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылады

925

Экспорт экспансиясына басымдық беріледі. 

Құны 237,5 млрд теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, биыл Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында ауыл шаруашылығы тауарларын сақтауға арналған 5 көтерме-тарату орталығы салынып, оған 600 мың тонна күзгі өнім орналастырылады. 

"Жобаның келесі келесі екі кезеңінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін қолданамыз. Жобаны іске асырудың жалпы құны 237,5 млрд теңгені құрайды", – деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің мәлімдеуінше, нысандарды салуға отандық жобалау және құрылыс компаниялары тартылады. 

"2022 жылға қарай көлемі жылына 4,8 млн тонна қуатты құрайтын тетікті әзірлеп ұсынамыз. Бұл қуат тапшылығын толық қамтып, алдағы уақытта экспорттық экспансияға жағдай жасайды. Біз әкімдіктермен алғашқы екі кезең үшін жер телімін бөлу мәселесін пысықтадық. Қалған 15 нысан бойынша жұмыс қысқа мерзімде жүргізіледі",– деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу