"Құны – 25 мың теңге": Оқушылардың олимпиада марапаты сатылатыны рас па?

7014

Дарынды оқушылар олимпиадасының төңірегінде шу шықты. 

"Құны – 25 мың теңге": Оқушылардың олимпиада марапаты сатылатыны рас па? Фото: freepik

Telegram-арналардың бірінде байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта 25 мың теңгеге оқушының өзіне дипломдар, төсбелгілер берілетіні, оған қоса дайындаған мұғаліміне ата-анасына алғыс хат жіберілетіні жазылған. Демек, марапаттың бәрін оқушы "сатып алуы қажет".

Аталған жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде ресми түрде ауыл оқушыларына арналған мынадай олимпиадалар бар:

  • ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада; 
  • ауыл мектептеріне арналған "Мың бала" ұлттық зияткерлік олимпиадасы және IQanat Олимпиадасы.

Тізімдегі бұл олимпиадалар тегін өткізіледі. Ал ішінде әлеуметтік желіде тарап жүрген "Дарынды 1000 бала" атты республикалық байқау жоқ.

Kozachkov Telegram-арнасы

"Аталған ауыл оқушылары арасындағы "Дарынды 1000 бала" олимпиадасы № 514 бұйрыққа енбеген және ресми іс-шара емес екенін хабарлаймыз. Облыстық білім басқармаларына мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, "Дарын" РҒПО осы компанияның алдағы қызметі туралы құқық қорғау органдарына хабарласып, тиісті шара қабылдайтын болады", - делінген жауапта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу