Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су қоры жерлерінің заңсыз пайдаланылу фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокуратура мәліметінше, Қызылжар ауданындағы жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарын бұза отырып, жалпы аумағы 241 гектар болатын су қоры жерін ұзақ уақыт пайдаланбаған.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде кадастрлық құны 328,2 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Прокуратура қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттің бұзылған мүдделері қалпына келтіріліп, жер заңнамасының сақталуы қамтамасыз етілгенін хабарлады.
Қадағалау органы жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.