Құны 4 млрд теңге болатын алтын өнімдерінің контрабандасы әшкере болды

480

 Арнайы қызмет зергерлік бұйымдардың заңсыз саудасына қатысты тергеуді аяқтады деп жазады inbusiness.kz ҚР бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сүйеніп. 

Құны 4 млрд теңге болатын алтын өнімдерінің контрабандасы әшкере болды Фото: massaget

"Бас көлік прокуратурасының келісуімен ҚР ҰҚК Тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құрып, алтынды заңсыз әкетуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген "Т"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. "Т" құны 4 млрд болатын алтын бұйымдарды заңсыз жолмен экспорттауды ұйымдастырған" - делінген баяндамада.

Ведомствода атап өткендей, бұл адам ұзақ уақыт бойы тергеуден жасырынып жүрген.

 "Халықаралық іздеу бойынша бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде соңғысы Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды.  Оны экстрадициялауды ұлттық қауіпсіздік органдарының, полиция мен прокуратураның күшімен жүзеге асты.  Айта кету керек, бұл іс бойынша көптеген айыпталушылар бұған дейін де әртүрлі жаза түрлеріне кесілген.  Бүгінде тағы екі күдіктіні іздеу жалғасуда", - деп қосты көлік прокурорлары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу