Құны 5 млрд теңге болатын құбыр зауыты ашылды

705

Ақтауда мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құбыр дайындайтын зауыт ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Құны 5 млрд теңге болатын құбыр зауыты ашылды

Бұл – диаметрі 530 мм дейін кіші болат құбырларын сыртқы және ішкі коррозияға қарсы қоспамен қаптап жасайтын еліміздегі алғашқы зауыт. Кәсіпорын жылына мұнай-газ өндірісіне қажетті 700 шақырымға жуық құбыр өндірмек. Мұнда соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен құбырларға ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары жүргізіледі.  

Зауыт директоры Мырзабай Оңдағанның айтуынша, инвестициялық жобаның құны – 5 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмысшылар арнайы даярлықтан өткен.

Қазір жергілікті қамтуды дамыту аса қажет. Өңірдің мұнай-газ саласындағы жергілікті қамтудың үлесін ұлғайтуға үлесін қосады. Мұндай зауыттардың ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу