Trump Organization компаниясы Қазақстан, Катар және Түркиядан тартылатын жеке инвесторлардың қаражатына құны 50 млн доллар тұратын Scion қонақ үйін салуды жоспарлап отыр, деп жазды Bloomberg.
Scion желісінің 220 бөлмеден тұратын алғашқы қонақ үйі Далластың орталығында соғылады. Жобаға жетекші Alterra International компаниясы Trump қонақүйлерінің Scion атымен келесі сериясын дайындап жатқанын мәлімдеді.
Alterra International компаниясының басшысы Майк Саримсакидің айтуынша, компания қонақүйді қаржыландырумен емес, жобалаумен айналысады. Ал құны 50 млн долларды құрайтын жаңа қонақүй Қазақстан, Түркия мен Катар инвесторларының қаржысына салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу