Құны – 50 млрд теңге: Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт салынады

235

Жаңа өндірісте 600 жаңа жұмыс орны ашылады.

Құны – 50 млрд теңге: Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт салынады Фото: gov.kz

Қостанай облысында бидайды терең өңдейтін зауыт салу жобасын KazFoodProducts жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында "Baiterek Venture Fund" АҚ, Myande Group Co., Ltd қытайлық компаниясы, KazFoodProducts агрохолдингі және Қостанай облысының әкімдігі арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жобаның құны 50 млрд теңгеден асады.

KazFoodProducts бас директоры Әлихан Қайратбектің айтуынша, жаңа Qostanay Grain Industry зауытының қуаттылығы жылына 400 мың тонна бидай өңдейді деп жоспарланған. Мұнда аминқышқылдар, биоэтанол, глютен, мал азығы, бидай кебек өндірілетін болады. "Qostanai Grain Industry" ЖШС жобасын іске қосу мерзімі – 2027 жылғы желтоқсан. Жаңа өндірісте 600 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, меморандум аясында Алматы облысында бидай мен жүгеріні терең өңдеу саласында көшбасшы "АзияАгроФуд" зауытының өндірістік қуатын тәулігіне 200 тоннадан 300 тоннаға дейін арттыру жобасы қарастырылған.

Аталған жобалар азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеуетті арттыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға оң әсерін тигізеді деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу