"Құны - 53 млн теңге": Павлодарда миллиондарға салынған мұз қалашығы еріп кетті

1036

Жұмысшылар да еңбегіміз еш кетті деп қапалы.

"Құны - 53 млн теңге": Павлодарда миллиондарға салынған мұз қалашығы еріп кетті Фото: видео скриншот

Павлодар облысында 53 миллион теңгеге жасалып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бұған толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуы себеп болып отыр.

Ал ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған. Мәселен, бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатындығы көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан жаңа жылды мерекелеуге 185 млн теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті. 

“Суық жоқ. Суық болса, мынау қатып тұрушы еді. Қазір қар да жоқ. Кірпіштің өзіне қоқыс жабысып, кірленіп жатыр. Ертең ериді, әрине”, – дейді жұмысшылардың бірі.

Ал құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу