Құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

580

Прокуратура аталған бағыт бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұзғаны анықталды.

"Жергілікті атқарушы орган заңды бұза отырып, 461 гектар жайылымдық жерді жеке меншікке берген", – деп жазылған хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтағы құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу