Құны 60 млн АҚШ долларын құрайтын шарт жасалды

586

Құны 60 млн АҚШ долларын құрайтын шарт жасалды

Душанбеде өткен сауда миссиясында қазақстандық кәсіпкерлер Тәжікстанға тауар жеткізудің көкжиегін кеңейтті, деп хабарлады "KAZAKH INVEST".

Тәжікстан астанасында өткен бизнес-форумға 120 қазақстандық тауар өндіруші қатысты. Басқосу барысында май өнімдері, ұн, күріш, макарон өнімдері, консервіленген азық-түлік, дәрі-дәрмек, аккумулятор батареялары, кран жабдықтары, оқшаулау материалдары, сорғы жабдықтары, шатыр және қасбеттік жүйелерді, шыны-қауырсын құбырлары, бояу және басқа да өнімдерді Қазақстаннан Тәжікстанға жеткізетін жалпы құны  60 млн АҚШ долларын құрайтын шарт жасалды.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкеновтың айтуынша, "Қазақстандық өнім тәжікстандық тұтынушыларға кеңінен таныс. Сыртқы сауда көлемі бойынша Қазақстан Тәжікстанның жетекші серіктестерінің үштігіне кіреді. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 590,3 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 1,1% -ға жоғары көрсеткіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу