Құны 7 млрд долларды құрайтын келісімге қол қойылды

786

Құны 7 млрд долларды құрайтын келісімге қол қойылды

 

Елбасы ресми сапар аясында АҚШ-тың іскер топ өкілдерімен де кездесті. Мемлекет басшысы екі жақты қатынастардың кең ауқымын қамтитын Кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемені қабылдаудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында құны шамамен 7 млрд долларды құрайтын инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды. Мәселен, шамамен 1,5 млрд долларға авиация және ғарыштық зерттеу саласындағы техникалар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі келісім жасалды. Ал АҚШ-тың Шетелдік жеке инвестициялар корпорациясымен, Опенхаймер және Голдман Сакс компанияларымен бірлескен инвестициялық жобалар мен сауда операцияларын қаржыландыру құжатының сомасы 3 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар темір жол секторының жобалары бойынша Дженерал Электрик Корпорейшнмен 1 млрд доллардан астам сомаға келісімшарт рәсімделді. Қазақстан Президенті америкалық бизнесмендерге арналған сөзінде агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторларды қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті

– Америка Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында. Тәуелсіздік жылдары ішінде сіздердің компанияларыңыз тарапынан Қазақстанға 50 миллиард доллардан астам инвестиция құйылды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Біздің елде энергетика, көлік, инновация, медицина және басқа да салаларда Америка капиталының қатысуымен 500-ден аса компания табысты жұмыс істеп келеді. Біздің ірі серіктестеріміздің қатарында Шеврон, Эксон Мобил, Дженерал Электрик, Хэллибёртон және басқа да компаниялар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу