Құны 7 млрд теңгеден асатын "Қазақстан" шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды

641

Оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.

Құны 7 млрд теңгеден асатын "Қазақстан" шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: visitkazakhstan.kz

Алматы прокурорлары "Қазақстан" шипажайын қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, 2013 жылы шипажай директоры "Қазақстан" шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алған.

2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 млрд теңге қарызды өндірді.

Алматы қаласы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 млрд теңгеге дейін қысқартылды.  

Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.     

12.12.2023 ж. прокурордың талап арызы Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырылды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу