Құны 74 млн теңгеден асатын мүлік сатып алатындар қаржыны қайдан тапқанын көрсетуі тиіс

291

Шамамен 8 миллион қазақстандық декларацияларды ұсынудан босатылды. Олардың қатарында жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер бар.

Құны 74 млн теңгеден асатын мүлік сатып алатындар қаржыны қайдан тапқанын көрсетуі тиіс Фото: Владимир Третьяков

Құны 74 млн теңгеден асатын активтерді сатып алатын қазақстандықтар қаражатты қайдан алғаны туралы ақпаратты ашық көрсетуі тиіс болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі.

"Бірақ болашақта 20 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс. Сонымен қатар азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілді", – делінген хабарламада.

Жыл сайынға кірістер мен мүліктер туралы (270.00 нысан) декларациясы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары мен құрылтайшыларына және олардың жұбайларына, сондай-ақ ел аумағынан тыс жерде активтері және дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғаларға сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу