"Құны – 75 млн теңге": Сарыөзекте теміржол инфрақұрылымы мемлекет меншігіне қайтарылды

104

Әскери прокуратура тексеріс барысында заңсыздықты анықтады.  

"Құны – 75 млн теңге": Сарыөзекте теміржол инфрақұрылымы мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: ognialatau.kz

Сарыөзек гарнизонының әскери прокуратурасы жүргізген тексеріс кезінде жер комиссиясының шешімі және жер қатынастары жөніндегі жергілікті органмен жасалған сатып алу-сату шарты негізінде әскери бөлімдердің бірінің теміржолға баратын тармағының бір бөлігін коммерциялық құрылымның меншігіне заңсыз беру фактісі тіркелді, хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қадағалау актісі негізінде әскери бөлім Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аталған шешім мен шартты заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. 

Сотпен талап арыз қанағаттандырылды, құны 75 млн теңгеден асатын кірме жол қорғаныс ведомствосының меншігіне қайтарылды. 

Әскери прокуратура органдары әскери нысандардың сақталуын және оларды тиісті пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қадағалау шараларының іске асуын одан әрі жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу