Қалалық әкімдік осындай 11 павильон орнатпақшы. Әрқайсысы 9 млн теңгеге бағаланған. Ал, бизнеске жалға берілетіні 15 млн теңге. Бұл ақшаға облыс орталығынан жылуымен қоса, су, кәріз, жарықпен де қамтылған 1 бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Жалпы, биыл жергілікті билік 26 аялдаманы жаңалау үшін қазынадан 197 млн теңге бөлді. Ал, былтыр 109 млн теңгеге 100 автобус күту орынын жаңасына ауыстырған. Жылы аялдамалардың бағасы қарапайым түрінен 3 есе қымбат.
"Барлық аялдамалардың шатырының жиегі - неон шамдарымен безендіріледі. Сондай-ақ елтаңба мен қала картасы орнатылады. Бейнебақылау камералары, еден жылытқыш пен кондиционер қойылады", - дейді қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрдәулет Бейсенов.