Құпия қызмет басшысы Трампқа жасалған қастандық жауапкершілігін өз мойнына алды

175

"Қателік кеткені анық және бұл енді қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз".

Құпия қызмет басшысы Трампқа жасалған қастандық жауапкершілігін өз мойнына алды Фото: Kent Nishimura/Getty Images

АҚШ Құпия қызметінің директоры Кимберли Читл конгрестегі тыңдауда Дональд Трампқа жасалған шабуылды соңғы онжылдықтағы ең үлкен сәтсіздік деп атады. Бірақ, өізінің отставкаға кетуі туралы екі партияның үндеуін қабылдамады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

– Құпия қызметтің қасиетті миссиясы - ұлтымыздың көшбасшыларын қорғау, – деді ол Палатаның бақылау комитетіндегі шиеленісті тыңдау кезінде. – 13 шілдеде біз бұл тапсырманы орындай алмадық. АҚШ Құпия қызметінің директоры ретінде мен кез келген қауіпсіздіктің бұзылғаны үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Қателік кеткені анық және бұл енді қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында сайлауалды науқан кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалды. 20 жастағы Томас Мэтью Крукс Трамп сөйлей бастағаннан бірнеше минуттан соң автоматтан оқ жаудырды.

Тыңдауды ашқан Қадағалау комитетінің төрағасы республикалық Джеймс Комер оқиғаның алдын алуға болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу