Оған бопсалау ісі бойынша 5 жыл бұрын халықаралық іздеу жарияланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция дерегінше, арнайы операция Қарағанды қаласы аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілген. Тінту барысында полицейлер арнайы жабдықталған жасырын орынды тапты. Күдікті сол жерді қоныстанғаны белгілі болды.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, 117 миллион теңге бопсалаған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу